02 шілде 2020 | 15:55

Бір тәулікте коронавирустан 10 адам, пневмониядан 20 адам қайтыс болды - Цой

© РИА Новости

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан және пневмониядан қайтыс болғандар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан және пневмониядан қайтыс болғандар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан 10 адам және пневмониядан 20 науқас қайтыс болды. Қазір біз симптомы бар және симптомсыз науқастарды бірге жариялайтын бірлескен статистикаға көштік. Бұл біздің еліміздегі нақты көріністі түсінуге мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз қазіргі жағдайды түсіну", - деді Цой ОКҚ брифингінде.

Реклама
Реклама

Министр пневмониямен ауыратындар да бақылауда екенін айтты. 

"Соңғы тәулікте елімізде пневмония диагнозымен 1247 адам анықталды. Әрине, біз оларға мониторинг жасап, тиісті терапиямен қамтамасыз етеміз", - деп түсіндірді министр. 

Алексей Цой коронавирустан өлім-жітім статистикасын жариялау енді басқаша болатыны айтты.

"Бізде коронавирус бойынша өлімді анықтау жөніндегі комиссия науқас қайтыс болғаннан кейінгі күндері, бір-екі күннен кейін жүргізіледі. Ақпарат науқас қайтыс болғаннан кейінгі күндері келеді. Біз қазір оны апталық форматта беруді жоспарлап отырмыз. Яғни, бір апта ішінде анықталған науқастар ресми ресурстарда көрсетілетін болады", - деп түсіндірді Цой.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная