ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қазан 2024 | 15:47
БРИКС саммиті: Тоқаев Қазақстан неге мүдделі екенін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "аутрич"/"БРИКС+" пленарлық отырысы барысында Қазақстанның мұнай мен газды өңдеуге мүдделі екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "аутрич"/"БРИКС+" пленарлық отырысы барысында Қазақстанның мұнай мен газды өңдеуге мүдделі екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз мұнай мен газды, сондай-ақ маңызды минералдарды өндіру және өңдеу саласындағы қолданыстағы жобаларды ілгерілетуге және перспективалы жобаларды іске қосуға мүдделіміз. Сондай-ақ, су тапшылығы, температураның күрт көтерілуі және құрғақшылық сияқты климаттың өзгеруі салдарын еңсеруде БРИКС-тің орасан зор әлеуетін пайдалану керек", - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы сыртқы сауда айналымының жартысына жуығын бірлестік елдерімен сауда құрағанын және оның серпінді өсіп келе жатқанын атап өтті.
"Біз сауда және инвестициялар, IT-технологиялар, маңызды минералдар, азық-түлік қауіпсіздігі, білім беру және туризм сияқты негізгі секторларда өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге тырысамыз", - деді Қазақстан Президенті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также