ПОДЕЛИТЬСЯ
28 ақпан 2022 | 15:07
Біржолғы зейнетақы жинағы: ақшаны балалардың еміне жұмсауға мүмкіндік пайда болды
Денсаулық сақтау министрлігі емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын өзгертті. Жаңа жоба "Ашық НҚА" порталына талқыға жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрлігі емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын өзгертті. Жаңа жоба "Ашық НҚА" порталына талқыға жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" жаңа жобада біржолғы зейнетақы төлемін балалардың еміне пайдалануға рұқсат беріледі.
"Алушыларға біржолғы зейнетақы төлемдерін өз баласын емдеуге пайдалануға жол беріледі", - делінген құжатта.
Сонымен қатар, жұбайының немесе жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға болады. Өтініш беруші медициналық мекемелерден шетелдік ұйымды да таңдай алады. Алушы ұсынған біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатына сәйкес келсе, уәкілетті оператор құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдері пайдаланылды ма, жоқ па тексереді.
Емделуге ақы төлеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттар мыналар:
1) қорытынды;
2) медициналық ұйым мен алушы арасында жасалған медициналық қызметтер көрсету туралы шарт және дәрілік заттарды сатып алуға сатушы мен алушы арасындағы шарт.
Ал біржолғы зейнетақы төлемдерін алған адам растаушы құжаттарды ұсынбаған жағдайда, қаражат арнайы шотқа түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға қайтарылуы керек.
Құжаттың толық мәтінін мына сілтемеден оқып, 14 наурызға дейін талқыға қатыса аласыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также