ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2021 | 12:09
Біржолғы зейнетақы жинағын алған алғашқы қазақстандық баспаналы болды
Шымкент қаласында тұратын алғашқы Қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып баспаналы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қуанышты жаңалықты "Отбасы Банк" Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкент қаласында тұратын алғашқы Қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып баспаналы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қуанышты жаңалықты "Отбасы Банк" Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
"Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалануға болатынын әлеуметтік желілерден білдім. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін, келесі күні қаражатты пайдалануға өтінім бердім. Ал 1 ақпанда менің арнайы шотыма бір жолғы зейнетақы төлемдері түсті", - дейді баспана иесі.
Ол тұрғын үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алған. Ал ипотеканы "Отбасы Банктен" алуды ұйғарған.
"Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинақтарымды қолдандым", - дейді кейіпкер. - Ипотеканы "Отбасы Банктегі" аралық қарыз арқылы рәсімдедім, себебі пайыздық мөлшерлемесі және рәсімдеу жылдамдығы ұнады.
Банк өкілдері баспана иесін 3 жылдық жинақтарға қол жеткізгеннен кейін аралық заем бойынша пайыздық мөлшерлемесі 5 пайызға дейін төмендейтіні қуантқанын жазды.
"Салымшымыздың айтуынша несие бойынша мақұлдама тез берілді. Не бары 3 минут ішінде ол банктің мақұлдауын алды және несиені рәсімдеуге де көп уақыт жұмсалмады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также