ПОДЕЛИТЬСЯ
22 ақпан 2020 | 18:58
Бірнеше басшы ұсталды: "Гарант-24" Қазақстан бойынша қанша ақша жымқырған?
Бірнеше аймақтағы "Гарант-24 Ломбард" филиалдарының директорлары қолға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бірнеше аймақтағы "Гарант-24 Ломбард" филиалдарының директорлары қолға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маңғыстау облысы ПД мәліметтері бойынша, алданған 70-ке жуық тұрғын аталған ломбардты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызданған.
"Қазіргі таңда 39 жастағы күдікті анықталып, Ақтау ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 217-бабы 2-бөлігіне "қаржы пирамидаларын құру және басқару" сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Полиция осындай наразылықтар Ақтаудағы "Капитал + тиімді қарыз" ЖШС-ге қатысты да тіркелгенін айтты. 20-дан астам тұрғын наразылығын білдірді.
Шығыс Қазақстан облысында "Гарант 24 Ломбар" атына 28 салымшы полицияға алаяқтық туралы өтініш білдірді. Оның ішінде Өскемен қаласындағы филиал қызметіне қатысты - 7 өтініш, Семей қаласында - 21 өтініш. Келтірілген шығын сомасы 52,5 миллион теңгеден асады.
"Полиция қызметкерлері аймақтық директорды анықтап, ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды ("аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық")", - деп атап өтті ШҚО полиция өкілі.
БҚО-да екі тұрғын полицияға ломбардқа шағымданды. Екі өтініш бойынша шығын 13 миллион 500 мың теңге. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ЖШС филиалының аймақтық директоры, Батыс Қазақстан облысының 1980 жылғы тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті Орал қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Бұған дейін Атырау, Павлодар, Тараз және Қарағандыдағы "Гарант-24 Ломбард" ЖШС аймақтық филиалдарының басшылары ұсталған.
Показать комментарии
Читайте также