19 маусым 2020 13:07

"Бірнеше гектар картоп еккендеймін". Вице-министр Ерлан Әукенов коронавирус жұқтырды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ерлан Әукеновтің айтуынша, бірнеше күн бұрын COVID-19-дың алғашқы белгілері пайда болған соң, жұқтырып алдым ба деп күмәнданған екен. Ал бүгін, 19 маусымда, тест оң нәтиже көрсеткен.

Реклама
Реклама

"Мына вируспен ауырдым. "Жағымды" сезім емес. Тағы үш-төрт күн бұрын осыны бастан өткергендерден телефон арқылы жағдайларын сұрағанмын. Ал бүгін жауабын өзімнен білемін. Мұнда әркімде әртүрлі екенін білу маңызды. Бүгін мен екі күн вагон түсіргендеймін немесе бірнеше гектар картоп еккендей болып тұрмын. Істеп көргендер түсінеді", - деп жазды ол.

Вице-министр COVID-19-ды кімнен жұқтырғанын білмейді. Ерлан Әукенов үйінде оқшауланды. Ол емделіп, онлайн жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Вице-министр коронавирус жұқтырғандарға сауығып кетуін тіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram