Бірнеше күн бойы іздестірілген 72 жастағы ер адам қар басып қалған көлігінен өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Бірнеше күн бойы іздестірілген 72 жастағы ер адам қар басып қалған көлігінен өлі табылды Фото:depositphotos.com

Қарағанды облысының Шет ауданында бірнеше күн бойы іздестірілген 72 жастағы ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының Шет ауданында бірнеше күн бойы іздестірілген 72 жастағы ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зейнеткер 18 желтоқсанда жылқы іздеу үшін жеке автокөлігімен шығып, байланысқа шықпай қалған. Туыстары оның жоғалғаны туралы хабар бергеннен кейін ауқымды іздестіру жұмыстары басталды.

Іздеу жұмыстарына Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары, полиция қызметкерлері, №52859 әскери бөлімнің әскери қызметшілері, еріктілер мен марқұмның туыстары жұмылдырылған. Аумақты әуеден "Қазавиақұтқару" тікұшағы шолып, дрондар мен Starlink спутниктік байланысы қолданылған. Іздеу топтары ықтимал бағыттарды тексеріп, қолжетімі қиын аумақтарды тәулік бойы қараған.

Реклама
Реклама

23 желтоқсанда ер адам Ағадыр кентінен шамамен 35 шақырым қашықтықта, Ортау ауылына апаратын далалық жолда, қарға көміліп қалған автокөліктің ішінде өлі табылған. Марқұм жүргізуші орнында болған, зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама