07 қаңтар 2019 | 14:49

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

© pixabay.com

Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

8-9 қаңтар күндері Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 8 қаңтарда таңғы және күндізгі уақытта, ал 9 қаңтарда түнгі уақытта соғатын желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді. Кей жерлерде тұман, мұзтайғақ болады деп болжанып отыр.

Реклама
Реклама

Таразда 8-9 қаңтар күндері жылдамдығына секундына 15-20 метр болатын жел тұрады. Кейде тұман түседі.  

"Сырдария өзенінде 6-8 қаңтар аралығында тұрақсыз мұз құбылыстарына байланысты Қызылорда облысында қар суы болып, өзен аңғарларынан су деңгейі көтерілуі мүмкін. Сондай-ақ, Қызылорда облысында 6-8 қаңтар күндері температура жоғары болып, қар суы деңгейі көтерілуі мүмкін", - делінген метеорологтардың хабарламасында.

Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр көп түсетіндіктен су деңгейі жоғары болады деп болжанған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram