“Бірінші рет көріп тұрмын“: Тоқаев құрмет ретінде кортежінің түсін өзгертті

видео кадры

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркімен халқының сүйікті түсіне құрмет көрсету белгісі ретінде кортеж түсін өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркімен халқының сүйікті түсіне құрмет көрсету белгісі ретінде кортеж түсін өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық журналист Әділ Балтабаев бейнежазбада Қазақстан Президенті Тоқаевтың Ашхабадқа ресми сапары кезінде кортежінің түсін әдеттегі қарадан аққа ауыстырып, түрікмен халқының дәстүрлеріне құрмет көрсеткенін айтты. Ақ түс Түрікменстан мәдениетінде ерекше орын алады және тазалық пен әл-ауқаттың символы болып саналады.

"Екі жыл ішінде мұндайды Президент пулында бірінші рет көріп тұрмын", - деді журналист.

Реклама
Реклама

Расында да, Мемлекет басшысы дәстүрлі түрде қара көліктермен сапарға шығады.

Бейнежазбада Мемлекет басшысының аппақ кортежін Түрікменстанның ұлттық лидері Гурбангулы Бердімұхамедов шығарып салып жатқаны көрінеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная