30 сәуір 2020 | 16:07

Біртанов COVID-19-ға тапсырылатын тесттің бағасына қатысты сынға жауап берді

Фото: Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа тапсырылатын тесттің қымбат болуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа тапсырылатын тесттің қымбат болуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, енді кез келген жолаушы ұшаққа мінер алдында міндетті түрде коронавирусқа тест тапсыруға міндеттеледі.

Реклама
Реклама

Facebook қолданушысы Вера Захарчук тестінің бағасына наразылық білдірді. 

"Неге мен ӘМСҚ қатысушысы ретінде осы қордағы ақшама коронавирусқа тест тапсыра алмаймын? Мемлекеттік клиникаларды бұл сараптаманы тапсырудың бағасы - 11 500 теңге, ал жекеменшік клиникаларда 20 мың теңгеге жетеді", - деп жазған Вера Захарчук.

Ол ӘМСҚ қатысушыларына COVID-19-ға сараптаманы тегін тапсыра алатындай мүмкіндік беруді сұрады.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтың бұл өтінішіне Facebook желісіндегі парақшасында жауап берді.

Министрдің айтуынша, бұл аса қымбат емес. 

Ол үшін бюджеттен 2,8 миллиард теңгенің бөлінгенін айтып өтті. Біртанов эпидемияның аяқталмағанын, дегенмен экономиканы кезең-кезеңмен жандандыру керегін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная