ПОДЕЛИТЬСЯ
04 наурыз 2020 | 17:40
Біртанов коронавирус туралы: Менің де балаларым мектепке барып жүр, ешқандай қауіп жоқ
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа байланысты мерекелік және қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа байланысты мерекелік және қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бізде коронавирус анықталған жоқ, вирус жұқтырды деген күдікпен келетін науқастарды тексеріп жатырмыз. Сондықтан да іс-шараларға шектеу қоюдың қажеті жоқ. Коронавирус анықталған жағдайда - 1 немесе екі адамда анықталған жағдайда ғана осындай шаралар қолданамыз. Халық дүрлікпеуі үшін қоғамдық іс-шараларды тоқтату керек болатын шығар. Бірақ қазір олай істеудің қажеті жоқ. Қандай да бір қауіп болса бас санитар дәрігер мен әр өңірдің басшылығы қажет шешім қабылдайды", - деді министр.
Қазақстанда Қытайдың 248 азаматы карантинге жатқызылды
Біртановтың айтуынша, дәл қазір балабақша мен қоғамдық жерлерге бару қауіпті емес.
"Менің де балаларым мектепке барып жүр, ешқандай қауіп жоқ. Бірақ тұмау маусымы жүріп жатқандықтан біз күз және қыс айларында қоғамдық іс-шараларды көптеп ұйымдастырмауға кеңес береміз. Біз мұны үнемі айтатынбыз. Тағы да айтамын, Қазақстанда коронавирус анықталса, бірден сол мезетте қажетті шешімдер қабылданады", - деді министр Біртанов.
Еске салайық, мұның алдында дене қызуы мен жөтел болғанда қазақстандықтарға жедел жәрдем шақыруға кеңес берілген болатын. "Коронавирус инфекциясының жаппай тарауына байланысты және індеттің алдын алу мақсатында сіздерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", - делінген еді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также