ПОДЕЛИТЬСЯ
22 сәуір 2020 | 13:30
Біртанов коронавирусқа тест тапсырады
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ведомствоның вице-министрі Камалжан Надыровтың коронавирус жұқтыруына байланысты COVID-19-ға тест тапсырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ведомствоның вице-министрі Камалжан Надыровтың коронавирус жұқтыруына байланысты COVID-19-ға тест тапсырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.
"Елжан Біртанов бүгін коронавирусқа сараптама тапсырады. Нәтижесі белгілі болғанда міндетті түрде айтамыз", - деді Диас Ахметшәріп.
Оның айтуынша, 30 наурыздан бастап министрліктің орталық аппаратының 90 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшті.
"Осымен үшінші апта үйден жұмыс істеп жатырмыз. Барлық жиын мен басқа да жұмыстар видеобайланыс арқылы жүргізіліп жатыр. Жұмысқа тек министрдің өзі барып жүр, ол кабинетінде оқшауланған. Сондай-ақ, тағы бірнеше адам бар. Сол ғимаратта болғандардың барлығы тест тапсырады", - деді Ахметшәріп.
Еске салайық, бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Камалжан Надыровтан коронавирус инфекциясы анықталғаны туралы белгілі болды. Біртанов әріптесі Камалжан Талғатұлына тез сауығып кетуіне тілектес екенін және қолдау білдіретінін айтқан еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также