ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2020 | 14:16
Біртанов түнгі клубтарға бармауға кеңес берді
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарды жеке гигиенаны сақтап, дүрбелең салмауға тағы да шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарды жеке гигиенаны сақтап, дүрбелең салмауға тағы да шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Жеке гигиенаны сақтау керек. Жеке гигиенадан басқа, сақтық шараларын үйде де, жұмыс орнында да орындау қажет. Аумақтарға тиісті кеңестер беріліп отырады. Қолды, бетті тұрақтарды түрде жуып, бөлмелер мен адам көп жиналатын жерлерді санитарлық тазарту керек", - деді Біртанов елдегі коронавирустың жағдайы туралы брифинг барысында.
Министр Қазақстан халқын дүрбелең салмауға шақырды. Оның айтуынша, инфекция тез таралуы мүмкін, бірақ қазіргі уақытта эпидемиялық тізбектер құрылды, олардың көпшілігі тоқтатылған.
"Бірақ сақтық шаралары артық болмайды. Адам көп жиналатын орындарға бармау керек. Біз бұқаралық іс-шаралар өтетін белгілі бір жерлерді жабу туралы шешім қабылдадық, сонымен қатар, кинотеатрлар, балалар ойын бөлмелерінің жұмысына тыйым салдық. Түнгі клубтар мен басқа да мекемелерге барудан аулақ болу керек. Олардың қожайындары өз мекемесін тазартуы қажет, қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн", - деді Біртанов.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8-ге жеткені хабарланған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также