Қазақстанда халық пен бизнес үшін бағаның күрт өсуіне жол бермеу мақсатында коммуналдық қызмет тарифтерін кезең-кезеңімен көтеру жалғасады. Үкіметте Астанада жылу мен су тарифтерінің қаншалықты өскені және оның инфляцияға қалай әсер ететіні туралы айтылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бүгін өткен брифингте журналистер премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрінен тарифтердің көтерілуінен бизнес шығындары артып, салдарынан кейбір компаниялардың жабылуына әкелуі мүмкін бе деп сұрады. Шенеуніктің айтуынша, мұндай тәуекелдерге негіз жоқ.
"Бізде тарифтерді көтерудің нақты жүйесі бар. Біз барлығын есептеп, өзгерістерді кезең-кезеңімен бөлу үшін үш айлық мораторийді пайдаландық. Астанада жылу тарифі шамамен 15 пайызға, сумен жабдықтау және су бұру - 20–25 пайызға өсті. Бір мезетте күрт өсуді болдырмау үшін бұл шараларды өңірлер бойынша біртіндеп енгіземіз. Жалпы алғанда, оның инфляцияға әсері 0,3 пайыздан аспайды", - деді ол.
Вице-премьердің сөзінше, дәл осындай шарттар Ұлытау және Ақмола облыстарында да қолданылған.