12 маусым 2019 | 10:22

Бұдан әрі де заңбұзушылықтарға жол бермейтін шаралар қабылданады - Бас прокуратура

Қазақстанның Бас прокуратурасы елімізде заңсыз жария акцияларға қатысқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Бас прокуратурасы елімізде заңсыз жария акцияларға қатысқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура өкілдері қоғамдық тыныштықты сақтауға және азаматтарды қорғауға бағытталған шаралар қабылдағанын айтады.

Реклама
Реклама

"Алайда жекелеген адамдар заңды талаптарға бағынбай, полиция қызметкерлерін арандатып, оларға шабуыл жасады. Жүргіншілердің, әйелдер мен балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Осыған байланысты, құқық қорғау органдары қоғамдық тыныштықты сақтауға және азаматтарды қорғауға бағытталған шаралар қабылдады.Бұл ретте арнайы құралдар қолданылған жоқ. Құқық бұзушылар полицияға жеткізіліп, сот тәртібінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері заңсыз акцияларға және тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқандардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабына, Қылмыстық кодексінің 400 және 405-баптары бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Нұр-Сұлтанда болған митингінің видеосы жарияланды

Құқық қорғау органдары бұдан әрі де осындай бұзушылықтарға жол бермейтін және оларды болдырмау үшін заңмен көзделген шараларды қабылдайды.

Мұның алдында 10 маусымда митинг кезінде 200 адамның полицияға жеткізілгені хабарланған болатын. "Митингтің бірінші күні екі қалада 500 адам ұсталып, олардың 400-не айыппұл салынды. Екінші күні шамамен 200 адам полицияға жеткізілді, олардың 150-і жауапкершілікке тартылды. Бұл екі қала бойынша", - деген еді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда болған митингілерге қатысты пікір білдірді


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная