ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қараша 2021 | 10:33
Бұғатта тұрған 536 миллион доллар Ұлттық банкке қайтарылды
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шамамен 536 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі активтерінен бұғат алынғанын және жоғарыда аталған сома Ұлттық Банкке қайтарылғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шамамен 536 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі активтерінен бұғат алынғанын және жоғарыда аталған сома Ұлттық Банкке қайтарылғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2017 жылғы желтоқсанда Стати төрелік шешімді тану туралы сырттай қаулыны алған болатын, кейіннен ол Бельгияның бірінші сатыдағы сотының қаулысымен расталды. Bank New York Mellon банкінде орналастырылған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 530 миллион доллар сомасындағы активтері 2018 жылғы мамырдан бастап бұғатталған болатын.
2021 жылғы 16 қарашада Брюссельдің апелляциялық соты Стати тарапынан алаяқтық іс-әрекеттер туралы қорытынды негізінде төменгі соттың Бельгияның аумағында төрелік шешімді тану және орындау туралы шешімінің күшін толығымен жойды. Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде Ұлттық қордың жоғарыда аталған активтері бұғаттан шығарылды", - делінген хабарламада.
Бұған дейні Анатол мен Габриэль Стати Ұлттық қордың 530 миллион доллар көлеміндегі активтерін Бельгияда уақытша бұғаттау туралы шешімнің күшін жою керек екенін мойындаған еді. Әділет министрлігінің хабарына қарағанда, бұл Белгиядағы бұл әрекет Қазақстан мен ҚР Ұлттық банкіне қарсы басталған сот процесінде Статидің мүмкіндігі аз екенін көрсетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также