Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылдың 9 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 2019 жылдың 9 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігі жоғары қысым ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек батыста және оңтүстік-батыста атмосфералық фронтальді бөліктерінің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, батыста түнде жауын-шашын жаууы күтіледі. Кей жерлерде республика бойынша тұман күтіледі, оңтүстік-шығыста жел секундына 15-20 метр күшейеді.

"Алматы облысының кей жерлерінде найзағай кезінде жел секундына 15-20 метр күшейеді. Маңғыстау,  Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама