ПОДЕЛИТЬСЯ
29 тамыз 2019 | 09:49
Бүгін ауа райы қандай болады?
29 тамызда еліміздің көптеген аймақтарында циклонның ықпалында болады, соның салдарынан жаңбыр жауып, солтүстік-батыста нөсер болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, бұршақ жауады, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
29 тамызда еліміздің көптеген аймақтарында циклонның ықпалында болады, соның салдарынан жаңбыр жауып, солтүстік-батыста нөсер болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, бұршақ жауады, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 метрге дейін жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел соғады, күндіз басым бөлігінде секундына 15-20 метр жетеді.
Атырау облысында түнде кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде секундына 17-22 метрге дейін, күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.
Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, секундына 15-20 метр жел соғады, Қарағанды облысында екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр болып, шаңды дауыл тұрады.
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Күндіз Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.
Күндіз Алматы облысында аптап ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Показать комментарии
Читайте также