ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қыркүйек 2019 | 10:49
Бүгін ауа райы қандай болады?
Қазақстанның біршама бөлігінде жауын жауып, найзағай ойнайды. Ал республиканың оңтүстік пен батыста жауын-шашынсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinrews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел соғып, тұман түседі. Күндіз секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Осы екі облыста бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды, Павлодар облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, секундына 15-20 метр жел күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында-найзағай, желдің күшеюі секундына 15-20 метр .
Қызылорда, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Показать комментарии
Читайте также