24 қыркүйек 2019 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылы 24 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2019 жылы 24 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның басым бөлігінде фронта бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, түнде кей жерлерде жауын-шашын жауады (жаңбыр, жылбысқы қар) күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде жел, өте қатты екпілі жел солтүстік аумақтарда сақталады.

Реклама
Реклама

Ал Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан аса күшеюі күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан аса күшеюі күтіледі. Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлеріндешаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріндежел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында найзағай кезынде жел 15-20 м/с күшейеді.   

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан жекелеген ауданында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram