ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қыркүйек 2019 | 09:20
Бүгін ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2019 жылы 27 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 2019 жылы 27 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Карск теңізі аймағынан келетін Солтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына ықпалын тигізеді, сонымен байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде түнде жауын-шашын жауады (кобнесе жаңбыр), күндіз жаңбыр жауады, тек республиканың оңтүстік-шығысында, оңтүстікте антициклон жотасының орналасуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерде тұман күтіледі, жел секундына 15-20 метрге күшейеді", - делінген хабарламада.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Жамбыл, таңертең және күндіз Түркістан, күндіз Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан түнде және таңертең Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Карағанды облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Показать комментарии
Читайте также