ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қазан 2019 | 09:41
Бүгін ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2019 жылы 28 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 2019 жылы 28 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жотасымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, оңтүстік-шығыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында атмосфералық фронтальді бөліктерінің өтуіне байланысты жаңбыр жауып найзағай күтіледі. Кей жерлерде республика бойынша тұман күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел секундына 15-20 метр күшейеді.
Батыс Қазақстан, түнде Атырау, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында, күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Показать комментарии
Читайте также