ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2019 | 09:24
Бүгін ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2019 жылдың 9 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 2019 жылдың 9 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Қазақстанның басым бөлігі жоғары қысым ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек батыста және оңтүстік-батыста атмосфералық фронтальді бөліктерінің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, батыста түнде жауын-шашын жаууы күтіледі. Кей жерлерде республика бойынша тұман күтіледі, оңтүстік-шығыста жел секундына 15-20 метр күшейеді.
"Алматы облысының кей жерлерінде найзағай кезінде жел секундына 15-20 метр күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі", - делінген хабарламада.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Показать комментарии
Читайте также