Бүгін ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2019 жылдың 2 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2019 жылдың 2 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Әлі де Қазақстанның басым территориясы антициклонының әсерінде болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың батыс, солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың ықпалынан жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі сақталады", - делінген хабарламада.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жарма ауданында жел секундына 15-20 метр күшейеді. Алматы облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі, Жаланашкөл ауданында жел 17-22, екпіні секундына 27 метр күшейеді. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел секундына 15-20 метр күшейеді. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.