Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2020 жылы 16 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 2020 жылы 16 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: солтүстік жартысында қар, оңтүстік жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі", - делінген хабарламада. 

Қарағанды, Қостанай, Ақмола, түнде Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел секундына 17-22 метр күшейеді, түнде Жалаңашкөл ауданында жел секундына 30 метр дейін күшейеді. Жамбыл, түнде және таңертең Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді, түнде Жамбыл облысында екпіні секундына 23-28 метр.

Реклама
Реклама

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында бұрқасынмен. Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама