06 қараша 2024 | 08:20

Бүгін қай өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады?

Midjourney

Синоптиктердің болжамына қарағанда, бүгін, 6 қарашада еліміздің кей өңірінде нөсер жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктердің болжамына қарағанда, бүгін, 6 қарашада еліміздің кей өңірінде нөсер жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с-ке жетеді. Ақтауда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с болады.

Алматы облысының оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Реклама
Реклама

Алматыда күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр жауады.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда секундына 23 метрге дейін жетеді. Оралда түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбеде түнде қар мол жауады. Көктайғақ, күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада таңертең және күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанайда күндіз кей уақытта қар мол түседі, таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, орталығында 23-28 м/с болады. Қызылордада жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с болады.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Өскеменде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Семейде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Атырау облысында бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 18-23 метрге жетеді. Атырауда түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.

Қарағандыда күндіз бұрқасын, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, кей уақыттарда екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Көкшетауда таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Петропавлда күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная