"Қазгидромет" сейсенбі, 14 сәуірге арналған қалалардағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Солтүстікте жаңбыр жауып, кей жерлерде тұман түседі және түнде үсік жүреді деп күтіліп отыр. Оңтүстікте негізінен жауын-шашынсыз болады, кей уақытта жел күшейеді.
Батыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кейбір ауданда нөсерлетіп, екпінді жел соғады деп болжанған. Шығыста жауын-шашын (жаңбыр мен қар) жауып, тұман түсуі мүмкін.
Қалалар бойынша ауа райы
Астана - күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 12-14 градус жылы болады.
Алматы - күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік бағыттағы жел жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы болады.
Шымкент - күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 8-13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы болады.
Түркістан - күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 8-13, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Қонаев - күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы болады.
Талдықорған - күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы болады.
Қызылорда - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 7-12, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Тараз - күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы болады.
Ақтау - бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 9-14, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 11-13 градус жылы болады.
Атырау - бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта нөсер жауын жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысатын жел жылдамдығы секундына 7-12, күндіз екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы болады.
Орал - бұлтты, түнде жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын жел жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы болады.
Ақтөбе - күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Қарағанды - күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы болады.
Жезқазған - күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 4-9 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы болады.
Қостанай - күн құбылмалы, түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 17-19 градус жылы болады.
Көкшетау - күн құбылмалы, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысатын жел жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 10-12 градус жылы болады.
Петропавл - күн құбылмалы, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысатын жел жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус суық, күндіз 10-12 градус жылы болады.
Павлодар - күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Бағыты өзгермелі жел жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус суық, күндіз 9-11 градус жылы болады.
Семей - күн құбылмалы, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысатын жел жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1 градус суық пен 1 градус жылы аралығында, күндіз 8-10 градус жылы болады.
Өскемен - күн құбылмалы, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысатын жел жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2 градус суық, күндіз 8-10 градус жылы болады.