Бүгін Қазақстанда Алғыс айту күні тойланады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Бүгін Қазақстанда Алғыс айту күні тойланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Қазақстанда Алғыс айту күні тойланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл өткен сайын бұл мереке қазақстандықтар үшін ерекше мағынаға ие болып, оның маңыздылығы артып келеді. Бұл күні жақсылық жасап, халыққа көмек қолын созған жандарға алғыс айтып, отбасына, туған-туыстарына, дос-жарандарына, әріптестеріне, көршілеріне қамқор болуға шақыру әдетке айналған.

Көптеген қазақстандықтар бұл күнді отбасымен бірге өткізіп, мерекелік дастарқан әзірлеп, жақындарына сыйлықтар беріп, жағымды тосын сыйлар жасайды, мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.

Реклама
Реклама

Алғыс айту күнін белгілеу 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында ұсынылды. Содан бері бұл мереке жыл сайын көктемнің алғашқы күні тойланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама