25 шілде 2023 | 08:52

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: pixabay

Синоптиктер 25 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 25 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен түнде 2-7, күндіз секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 жылы.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 36-38 градус жылы болады.

Реклама
Реклама

Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 40-42 градус жылы болады.

Атырау облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып ауысып жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. 25 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 25 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні секындына 15-18 метр. 25 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-37 градус аптап сақталады. 25 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 25 шілдеде күндіз 35-37 градус аптап сақталады. 25 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде 37 градус аптап сақталады. 25 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 25 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының басым бөлігінде 35, оңтүстігінде 38 градус аптап күтіледі. 25 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семейде 25 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 37 градус аптап күтіледі. 25 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскеменде 25 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус аптап сақталады. 25 шілдеде облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. 25 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 25 шілдеде күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 25 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.

Ақмола облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Қызылорда облысында 40-43 градус аптап сақталады. 25-27 шілдеде облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 25 шілдеде күндіз 40-42 градус аптап сақталады. 25-27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. 25 шілдеде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус аптап сақталады. 25 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 25 шілдеде түнде найзағай күтіледі. 25 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында 43-45 градус аптап күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз 25-26 шілдеде 43-45 градус аптап күтіледі, 25-26 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 42 градус аптап күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 42 градус аптап күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 25-26 шілдеде күндіз 40-42 градус аптап күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная