24 шілде 2023 | 08:50

Бүгін Қазақстанның қай қалаларында метеожағдай қолайсыз болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

24 шілдеде Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеожағдай болжанған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

24 шілдеде Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеожағдай болжанған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа райы болжамы бойынша, 24 шілдеде Алматы және Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдайдан ауа ластанады деп күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеожағдай дегеніміз - қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар. Яғни, тымық күн, әлсіз жел, тұман, атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін инверсия. ҚМЖ пайда болған жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Реклама
Реклама

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау - жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram