Бүгін Қазақстанның қай қалаларында метеожағдай қолайсыз болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Бүгін Қазақстанның қай қалаларында метеожағдай қолайсыз болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

3 тамызда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

3 тамызда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа райы болжамына сәйкес, дүйсенбіде Алматыда, Ақтөбеде, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Жарнама
Жарнама

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама