ПОДЕЛИТЬСЯ
31 шілде 2020 | 08:32
Бүгін - Құрбан айт мейрамы
Бүгін қазақстандықтар қасиетті Құрбан айт мейрамын тойлап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін қазақстандықтар қасиетті Құрбан айт мейрамын тойлап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осы жылы бұл мереке 31 шілде мен 1-2 тамыз аралығында аталып өтеді. Бірақ каратинге байланысты еліміздегі мешіттер жабық болады.
"Биыл Құрбан айт мейрамы ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Алайда елімізде карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан республика бойынша мешіттер жабық болады. Осыған байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды", - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Биыл мешітте Құрбан айт намазы оқылмайды - бас мүфти
Бас мүфти биыл құрбан шалу қашықтан жүргізілетінін, ол үшін qurban2020.kz сайты іске қосылғанын атап өтті.
"Құрбан шалу ұлық ғибадат әрі жағдайы келген мұсылманға құрбан шалу уәжіб екені белгілі. Осынау ұлық ғибадатты орындау мақсатында Діни басқарма ел мұсылмандарының өтінішін ескере отырып, биыл алғаш рет Құрбан айт қарсаңында халықаралық тәжірибеге сүйеніп, қашықтан құрбан шалу жобасын қолға алды. Осы мақсатта qurban2020.kz сайтын ашты. Ол 24 шілдеден бастап, 24 сағат бойы іске қосылады. 30 шілдеге дейін құрбандық шалуға онлайн тапсырыс қабылдайды. Кез келген азамат онлайн түрде құрбан шалуға тапсырыс бере алады", - деген еді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ, Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды сабырға шақырды.
"Біз - өткенге салауат айтып, Алланың арайлап атқан әрбір таңынан жақсылық күткен халықпыз. Рухымызды түсірмей, сын сағатта сағымызды сындырып алмайық. Қадірлі жамағат, біз қазір сындарлы сәтте отырмыз. Мұндайда халық даналығы "Бетеге кетсе, бел қалар. Бектер кетсе, ел қалар. Берекең кетсе, не қалар?" демей ме?", - деп түйіндеді сөзін бас мүфти.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также