Бүгін Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды - Тоқаев

Дина Шарипханова Корреспондент
Бүгін Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды - Тоқаев Фото ©РИА Новости

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 1 қаңтарда қазақтың күміс көмей әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 1 қаңтарда қазақтың күміс көмей әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін қазақтың күміс көмей, бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды. Ол КСРО халық әртісі, сондай-ақ Қазақстанның "Халық Қаһарманы" атағына да ие болды", - деп жазды Тоқаев Twitter-парақшасында.

Роза Бағланова Қызылорда педагогикалық институтында білім алған. 1941 жылы оған Мәскеу консерваториясына жолдама берілді, бірақ соғыс басталып, ол Өзбек КСР-нің мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблімен бірге майданға аттанды. Ұлы Отан соғысы жылдарында әншінің шығармашылық жолы басталды.

Реклама
Реклама

Әртістер бригадасының құрамында жүрген ол Кеңес әскері жауынгерлерінің алдында майданда өнер көрсетті. Әнші Лидия Русланованың репертуарынан әндер мен частушкалар, соның ішінде әйгілі "Ах, Самара-городокты" шырқайтын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама