ПОДЕЛИТЬСЯ
12 ақпан 2019 | 14:19
Бүгін Сара Назарбаеваның туған күні
Президенттің жары Сара Назарбаева 78 жасқа толды. Оның туған күні 12 ақпанда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президенттің жары Сара Назарбаева 78 жасқа толды. Оның туған күні 12 ақпанда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сара Алпысқызы Назарбаева 1992 жылы ақпаннан бері Халықаралық "Бөбек" қайырымдылық қорының құрылтайшысы әрі президенті. Қор осы күнге дейін жүздеген, мыңдаған қайырымдылық акциясын өткізіп, жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетіп, аналарға қолдау білдіріп келеді.
1994 жылдың жазында ол "SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары" қорының президенті болды. 1999 жылы "Демография" қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесін басқарды.
Қазақстанда адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы және шабыттандырушысы Сара Назарбаеваның бастамасымен "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын тұтас оқу-тәрбие үдерісіне біріктіру бойынша жоба жүзеге асырылып жатыр.
Президенттің жұбайы қайырымдылық саласындағы еңбегі үшін халықаралық ұйымдардың көптеген марапаттарына ие болды. Олардың арасында Ихсан Дограмачи атындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, Unity халықаралық сыйлығы, "Құрманжан Датка"сыйлығы бар. Ол Шыңғыс Айтматов атындағы "Өзін-өзі тану философиясына қосқан ұлы үлесі үшін" алтын медаліне ие болды.
Показать комментарии
Читайте также