Бүгіннен бастап Қонаев-Алматы бағытында пойыз қатынайды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

11 қарашадан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ Қонаев-Алматы бағытындағы күнделікті қала маңындағы пойызды іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 қарашадан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ Қонаев-Алматы бағытындағы күнделікті қала маңындағы пойызды іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пойыз күн сайын таңғы 6-да жүреді.

"Дизельді теміржол пойызы күн сайын Қонаевтан сағат 06.00-де, Алматы стансасынан кері қарай сағат 19.00-де жүреді. Жол жүру уақыты - 1 сағат, 17 минут, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазақстан темір жолы" ҰК"", - делінген АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұл бағытты қаржыландыру биылдың соңына дейін Ұлттық тасымалдаушы есебінен жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Алматы облысының әкімдігімен бірлесе отырып, аталған бағытта тасымалдаушының шығындарын субсидиялау бойынша 2023 жылға тендер өткізу жұмыстары жүргізіп жатыр.

Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама