Букмекерге ақша аударса, ипотека берілмей ме?

Дина Шарипханова Корреспондент
Букмекерге ақша аударса, ипотека берілмей ме? Фото:depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде букмекерлік кеңселерге ақша аударса, ипотекада беруден бас тартуы мүмкін деген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде букмекерлік кеңселерге ақша аударса, ипотекада беруден бас тартуы мүмкін деген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Видеода автор банк егер букмекерлік кеңселердің шоттарына жасалған аударымдарды байқаса, ипотека беруден бас тартуы мүмкін екенін айтады. Бейнеролик тез арада тарап, 16 мыңнан астам лайк пен жүздеген пікір жинаған.

Реклама
Реклама

ҚНРДА не дейді?

Жағдайды нақтылау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне жүгіндік. Онда заң бойынша банктердің тек букмекерлік шоттарға жасалған аударымдар үшін несие беруден бас тартуға құқы жоқ екені түсіндірілді. Алайда мұндай операциялар тұрақты түрде жасалса, банк оны қарыз алушының төлем қабілетін бағалау кезінде ескеруі мүмкін.

Сондай-ақ, агенттік құмар ойын бизнесіне белсенді түрде қатысатын тұлға қандай өлшемдер бойынша анықталатынын айтты.

"1-нормативтің 22-тармағына сәйкес, соңғы 6 ай ішінде құмар ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына жалпы сомасы 300 000 теңгеден асатын 6 және одан да көп төлем жасаған жеке тұлға құмар ойын бизнесіне белсенді тартылған тұлға деп танылады", - деп хабарлады ведомство.

Баспасөз қызметі мәліметінше, егер қарыз алушыда құмар ойындарға белсенді қатысу белгілері болса, банк оның табысын тек ресми деректер бойынша ғана есепке алады.

Сонымен қатар, мұндай клиенттер үшін талап қатаңырақ: олардың рұқсат етілген қарыздық жүктемесі басқа қарыз алушыларға қарағанда екі есе төмен болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама