"Бұл бір керемет бес жыл болды". Ұлыбритания елшісі қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

?лыбритания елшісі Кэролин Браун ?аза?станда?ы ?ызметін ая?тады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол елшілікті? Facebook желісіндегі ресми пара?шасында видео?ндеу жолдап, ?аза?станда ?ткен бес жылда ал?ан ?серімен б?лісті.

Ұлыбритания елшісі Кэролин Браун Қазақстандағы қызметін аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол елшіліктің Facebook желісіндегі ресми парақшасында видеоүндеу жолдап, Қазақстанда өткен бес жылда алған әсерімен бөлісті.

"Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі ретінде жүргізген видеоблогымның бұл екіншісі. Бұл үндеу Қазақстанға қатысты менің жеке естеліктеріме арналады. Бұл бір тамаша өткен бес жыл болды. Сіздердің байтақ әрі сан алуан елдеріңіздегі адамдар мен ғажайып жерлер есімде қалды. Мысалы, "Алтынемел" Ұлттық саябағының қақ ортасында, түнде отырып, "Бесшатыр" қорғандарының көлеңкесіне құлаған жұлдыздарды бақылап отырғаным әлі есімде. Немесе Қарақалпақстанға пойызбен Атырау арқылы сапар шеккенім есімнен кетпейді. Үстірт шоқысының ортасында қар құрсауында, байланыссыз қалғанымыз. Бұл өте көңілді жайт болды", - деді Браун.

Сонымен қатар, елші Крещение кезінде мұзды суға қалай түскенін еске алды.

Реклама
Реклама

"Орыстардың православиелік Крещениесі және менің мұзды суға үш мәрте батқаным. Құдайым-ай, мен мұны ешқашан қайталамаймын. Әрине, сондай-ақ, жылда бүркітшілермен бірге атқа мініп серуендеу зор рахатқа бөлейтін. Бірінші ретте мен құлап түстім, суықта алты сағаттан кейін ертоқымға жабысып қалғандай болдым және келесі жолы жылы киінейін деп шештім. Бұл өте керемет тәжірибе болды. Келесі елшіге бұл жердің ұнайтынына сенімдімін. Қазақстандағы барша жұртқа тамаша Жаңа жыл тілеймін!", - деп құттықтады ол.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама