Бұл бірнеше күнге созылуы мүмкін - Шүкеев Арыстағы жарылыстар жайлы

видеодан үзінді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Арыс қаласының тұрғындарын эвакуациялау туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Арыс қаласының тұрғындарын эвакуациялау туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Басынан бастап біз ТЖК-мен, Қорғаныс министрлігімен бірге тиісті іс-шараларды іске асырып жатырмыз. Арыс қаласында 45 мың адам тұрады. Оқиғаның ауқымын көре отырып, бүкіл қаланы эвакуациялауды шештік. Қаланың бағытын ескере отырып, қай жаққа көшіру туралы шешім қабылданды. (...) Менің ойымша, бұл дұрыс шешім болды. Өйткені ауқымы орасан және бұл бірнеше күнге созылуы мүмкін. Бізге қауіпсіздік мақсатында адамдарды көшіру қажет болды", - деді Түркістан облысындағы брифингте Өмірзақ Шүкеев.

Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр. 

Реклама
Реклама

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Арыс қаласынан тұрғындарын эвакуациялау жалғасып жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, адамдар бүкіл отбасымен кетіп жатыр екен. Қала жолдарында кептелістер пайда болған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама