22 желтоқсан 2021 | 12:17

Бұл біз үшін де жаңалық болды - Есмағамбетова Цойдың жұмыстан кетуі туралы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова Алексей Цойдың Денсаулық сақтау министрі қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова Алексей Цойдың Денсаулық сақтау министрі қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жеке пікірімді айтсам, әрине, өкінішті. Өйткені Алексей Владимировичпен басынан бастап, вице-министр болған кезден бері бірге жұмыс істедік. Бірге жұмыс істеу өте ыңғайлы. Нақты міндеттер қояды, оның орындалуын бақылайды және жалпы қасиеттер тұрғысынан да солай. Менің ойымша, бұл нәрсе бүгінде ұжымда да, мемлекеттік қызметте де маңызды саналады. Бүкіл команда бұл жаңалыққа өкінішпен қараған шығар. Бұл біз үшін де жаңалық болды", - деді Есмағамбетова.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылғаны хабарланды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная