ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2019 | 08:03
"Бұл - дүниежүзілік жаңалық" - Қазақ ғалымдары қатты металды ыдыратудың жаңа әдісін ойлап тапты
Қазақ ғылымындағы сенсация. Ұлттық ғылым академиясының бір топ ғалымдары ең қатты металдардың бірі саналатын титанды ыдыратудың әдісін ойлап тапты, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақ ғылымындағы сенсация. Ұлттық ғылым академиясының бір топ ғалымдары ең қатты металдардың бірі саналатын титанды ыдыратудың әдісін ойлап тапты, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.
Ғалымдар жер шарына беймәлім болып келген жаратылыстану саласының бұл құпиясын ашу үшін ондаған жылдар бойы үздіксіз зерттеу жасаған. Енді жер бетінде қоқыс ретінде сақталып келген миллиардтаған тонна титанның қалдықтарын ерітіп жіберуге мүмкіндік бар. Жаратылыстану ғылымында "Титанның қышқыл су ерітінділеріндегі постэлектролиздік химиялық еру құбылысы" деп аталатын жұмысты сәтті іске асырған ғалымдар бүгін арнайы диплом, медальдармен марапатталды.
Ұзақ жылдарды қажет еткен ұжымдық жұмыстың негізгі авторы академик Әбдуәлі Баешов болса, қосымшы авторлары - профессор Ажар Баешова және доцент Ғани Ізтілеуов. Ал ғылыми жетекшісі - академик Мұрат Жұрынов.
"Бізде элементтер көп қой. Соның ішінде ең мықтысы, ең қаттысы - титан, оны кесу де қиын. Біз соны ерітудің амалын таптық. Бұл - дүниежүзілік жаңалық. Жұмысты мен негізінде, академик Бугеновтың тапсырмасымен бастағанмын. 37 жыл осы жұмысты жалғастырып келемін. Яғни, мен 37 жыл бойы күн сайын 10 сағаттан жұмыс істедім десем, өтірік атпаймын", - деді ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы Әбдуәлі Баешов.
Жалпы, өндіріс орындарынан шыққан қалдықтардың көлемі 30 миллиард тоннаға жақындап қалған. Ал әлемдегі тұрмыстық қалдықтардың көлемін болжау тіптен қиын. Оларды ыдырату арқылы табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін жаратылыстану саласындағы осындай жаңалықтардың маңызы ерекше дейді. Сондықтан бұл нәтижені әлем ғалымдары соңғы он жылдың көлеміндегі ең айтулы жаңалық деп бағалаған.
Показать комментарии
Читайте также