"Бұл жүйені өзгерту керек". Тамара Дүйсенова МӘМС туралы айтты

Фото:depositphotos.com

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-премьер салада проблемалар барын мойындады. Бұл ретте Дүйсенова бүгінде МӘМС "ақша клиентте" қағидатын қамтамасыз ететін жалғыз жүйе екенін атап өтті.

"Егер бұл дұрыс қойылса, әрбір аурухана, әрбір емхана ақша табуға және сапалы қызмет көрсетуге мүдделі болуы керек. Иә, бізде проблемалар бар. Халыққа сапалы медициналық көмек көрсету үшін бізге бұл жүйені өзгерту керек", - деді Дүйсенова.

Реклама
Реклама

Вице-премьердің айтуынша, кәсіпкерлер міндетті медициналық сақтандыруға жарналардың белгіленген мөлшерін төлеуді жалғастырады. Сонымен қатар, Дүйсенова жаңа денсаулық сақтау министрі жұмысының нәтижелерін ескере отырып, механизм әлі де пысықталатынын айтты.

Еске салайық, Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) қатаң бақылауға алуды тапсырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама