Бұл қағидатымыз ешқашан өзгермейді - Тоқаев елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздік туралы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы тұрақтылық пен қауіпсіздік туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы тұрақтылық пен қауіпсіздік туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев жұртшылықпен кездесуінде соңғы айларда Қазақстанның ақпараттық жүйелері кибершабуылға ұшырағанын атап өтті.

"Соңғы бірер айда еліміздің мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне кибершабуыл жасала бастады. Мұндай әрекеттер, әсіресе, қазіргі науқан кезінде көп болды. Біз бұған жол бермейміз, жалған ақпараттың таратылуына тыйым саламыз.

Біз қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғау үшін бәріне дайынбыз. Мен бұған дейін "Ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғаймыз" деген едім. Бұл қағидатымыз ешқашан өзгермейді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Реклама
Реклама

Ол елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке айналамыздағы геосаяси ахуалдан бөлек, өз ішіміздегі ахуал да әсер ететінін баса айтты.

"Елге іріткі салып, алауыздық туғызатындар өз ішімізде де, сыртта да бар. Әр нәрсеге немқұрайлы қарап, жайбарақат жүруге болмайды", - деп қосты Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама