ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қыркүйек 2021 | 15:03
"Бұл Мальдив аралы ма?" Фотограф Сайран көлін әуеден көрсетті
Алматылық фотограф Ислам Мирсаитов Сайран көлінің таңғажайып суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматылық фотограф Ислам Мирсаитов Сайран көлінің таңғажайып суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көлдің суреті 9 қыркүйекте түсірілген. Ол DJI Dron-мен панорамалық 28 фотосурет жасаған.
"Мен қаламыздағы таңғажайып орынды басқа қырынан көрсеткім келді. Көлдің фотосуретінде судың түсі қою көк емес, ашық көгілдір болуы үшін қай уақытта түсіру керек екендігі туралы белгілі бір ереже бар. Сондықтан мен күн батқанға екі сағат уақыт қалған уақытты таңдадым. Мен бұл ауданда бала кезімнен тұрамын, мен үшін бұл көл әрқашан сүйікті орын болды", - деп бөлісті Ислам Мирсаитов.
Фото барлық әлеуметтік желілерде таралды. Желі қолданушылары Сайранның сұлулығына таң қалып түрлі пікірлер жазды. Біреулер бұл сұлулықты Мальдив аралына теңесе, бірі бұл жердің өздері білетін Сайран көлі екеніне күмәнмен қарады.
Жігітті суретті шамадан тыс өңдеген деп айыптағандар да болды. Ислам суретті Photoshop бағдарламасы арқылы өңдегенін, бірақ артық түстер қолданбағанын айтты.
"Көлдің түсі туралы көптеген жағымсыз хабарламалар келді. Әрине, фотошоп арқылы көп нәрсе жасауға болады. Күн батқанға екі сағат уақыт қалғанда суға көлеңке түсіп түсі осындай болады. Негізі судың ешқандай түсі жоқ. Оны кез-келген Көк теңізге, көлге, өзенге келіп суды стаканға құю арқылы тексеруге болады. Дәл сол себепті біз күн батып бара жатқанда қызғылт сары және көкжиекке жақын қызыл түстерді көреміз. Су да көлеңкесін өзгертеді. Сіз "лас су қоймасына" күн батқанға екі сағат уақыт қалғанда келіп, осы түске куә бола аласыз", - деп бөлісті фотограф.
Жігіт пейзаждық түсіріліммен үш жылдан бері айналысады. Өз жұмысын негізінен Fujifilm X-H1 камерасында жасайды.
"Мен өзімнің суреттерім арқылы әрқашан табиғаттың сұлулығын көрсетуді мақсат етемін және таңғажайып фотосуреттер түсіру үшін алысқабарудың қажеті жоқ",-деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также