06 қазан 2021 | 17:47

Бұл мәселеде асықпау керек - Цой ревакцинация туралы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда халықты қайта вакцинациялау қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда халықты қайта вакцинациялау қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан ДДҰ Еуропалық өңірінің жоғары деңгейдегі тобына, яғни Еуропалық өңірдегі стандарттармен айналысатын жұмыс тобына кірді. Зерттеу бойынша ревакцинацияны сақтықпен жасау керек деген қорытынды бар. Сондай-ақ, бірінші қатардағы жұмыскерлерді және антиденелері жоқ азаматтарды вакцинациялау қажет. Қандай вакцина салу керек, қандай дозада деген сұрақтар ішкі иммундау комиссиясында қаралып жатыр", - деді Алексей Цой ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, жақын арада ведомствоаралық комиссияның отырысында ревакцинация бағдарламасын бекіту бойынша ұсыныстар мен параметрлер ұсынылады.

Реклама
Реклама

"Біз әлемді мұқият қадағалаймыз. Әр түрлі тәсілдер бар. Көптеген елдерде 6 айдан 9 айға дейінгі уақытта ревакцинацияны салатын динамика бар. Көбіне ол вакцина салуды өткен жылы бастаған елдерде кездеседі. Бұл елдерде екінші вакцинациядан кейін тоғыз айдан астам уақыт өтті ", - деді министр.

Ол Қазақстанда бұл уақыт 2021 жылдың қараша-желтоқсанына дейін болатынын баса айтты.

"Қазір уақыт бар. Біз әлемдегі тәжірибені алуымыз керек. Менің ойымша, жақын арада қалай, қандай вакцина, қай уақытта салу керектігі туралы нақты нұсқаулар болады. Бұл мәселеде асығудың қажеті жоқ. Біз бәрін деректерге,  халықаралық тәжірибелерге сүйеніп сауатты түрде жасауымыз керек", - деп аяқтады ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная