"Бұл не шу?" Талдықорғандықтар психиатриялық диспансерден шығатын шуға шағымданды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
"Бұл не шу?" Талдықорғандықтар психиатриялық диспансерден шығатын шуға шағымданды Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде талдықорғандықтар жергілікті психиатриялық диспансер ғимаратынан шығатын жантүршігерлік айқайға шағымданған видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде талдықорғандықтар жергілікті психиатриялық диспансер ғимаратынан шығатын жантүршігерлік айқайға шағымданған видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, жергілікті психиатриялық аурухана тұрғын үйдің қасында орналасқан жаңа ғимаратқа көшкен екен. 

Тұрғындар әлеуметтік желіге психиатриялық аурухана ғимаратынан шығатын жантүршігерлік дауысты түсірген видеоны жариялады. Желі қолданушылары түрлі пікір жазды.

Жарнама
Жарнама

"Отбасымызбен күнде осы жантүршігерлік айғайды тыңдаймыз. Бұл не шу? Аптаның жеті күні таңнан кешке дейін дауысты неге тыңдап отыруымыз керек?", - деп жазды талдықорғандықтар.

Алматы облысының әкімдігі бұл оқиғаға жауап беріп, емдеу мекемесіндегі шу маңайдағы тұрғындарға неліктен жететінін түсіндірді.

"Дауыс бірінші қабаттағы палатаның терезесін ашып, желдеткенде шығады. Ол палатадағы науқасқа "орталық жүйке жүйесінің жедел зақымдануы" диагнозы қойылған. Бұл церебральды сал ауруы, микроцефалия. Яғни, бұл науқаста мінез-құлықтың өрескел бұзылуы, агрессия мен аутоагрессия құбылыстары, бірінші деңгейдегі сөйлеудің, ақыл-ойдың дамымай қалу деген секілді белгілер бар, сондықтан осындай дауыстар шығарады. Ол мүлдем сөйлей алмайды, сөйлеген сөзді түсінбейді, сондықтан оны тыныштандыру өте қиын. Бұл палатаға күн түсетіндіктен науқас сол жерге орналастырылған. Тұрғындар шағым түсіргеннен кейін науқас басқа палатаға ауыстырылды", - деді Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама