“Бұл өмірімнің соңы деп ойладым“. Берденов өзіне жасалған қастандық туралы айтып берді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов сотта өзіне жасалған шабуыл туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Жәбірленушінің айтуынша, алғашқы атылған оқтар басынан бірнеше сантиметр қашықтықта ұшып өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Берденов бейнебайланыс режимінде айғақ берді. Прокурорлардың өтініші бойынша ол қастандық болған күнді толық сипаттап берді.

"Мен әкімдік ғимаратынан шығып келе жатқанымда, Жиембай оқ атты. Мен көлікке жүргізуші жағынан келе жатқанмын. Алғашқы атылған оқ басымның жанына өтті. Мен отырып, еңкейіп үлгердім, содан кейін артымнан тағы төрт рет атылғаны естілді. Мен жерге құлап түстім", – деді жәбірленуші.

Реклама
Реклама

Әкімнің орынбасарының сөзінше, алған жарақаттары аса ауыр болған.

"Өкпемнің дем алмай тұрғанын сездім, ауа кірмеді. Ота кезінде өкпенің 20 пайызын алып тастады. Ауызымнан қанның дәмін сездім. Сол сәтте бұл өмірімнің соңы деп ойладым. Дұға оқыдым", – деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама