04 маусым 2019 | 13:09

Бұл орасан шығын - Тоқаев Жайық өзенінде балықтардың қырылуы жайлы

© ИА Regnum

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу мәселесін бақылауға алды. Президент Атырау облысының жұртшылығымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу мәселесін бақылауға алды. Президент Атырау облысының жұртшылығымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Жайықтағы балықтардың хлорға уланып, жаппай қырылуы бүкіл елді алаңдатты. 118 тонна балық қырылды, оның 108 тонна - бекіре тұқымдас. Балық зауыттарымыз 60 пайыз қуатымен ғана істеп тұрғанын ескерсек, бұл - орасан шығын. Мен бұл жағдайды тікелей бақылауға алдым", - деді Президент. 

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы: Жайықтағы балықтардың хлорға уланып, жаппай қырылуы бүкіл елді алаңдатты. 118 тн. балық қырылды, оның 108 тн. – бекіре тұқымдас. Балық зауыттарымыз 60% қуатымен ғана істеп тұрғанын ескерсек, бұл – орасан шығын. Мен бұл жағдайды тікелей бақылауға алдым.

— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) June 4, 2019

Президент экологиялық жағдай басты мәселелердің бірі болып табылатынын айтты.

"Ең алдымен Каспий мен Жайықтың бірегей әлеуетін сақтау қажет. Атырау экологиясы - бұл тек облыс мәселесі ғана емес, біз оны шешуге назар аударуымыз керек", - деді ол.

Сондай-ақ Тоқаев таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін де қозғады.

"Гидравликалық құралдар ұзақ уақыт бойы жөнделмеді. 120 ұңғыма өңірдің су ресурстарына елеулі залал келтіреді. Олар жойылуы тиіс!" - деді Президент.

Айта кетейік, Тоқаев кеше Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная