Бурабайдағы қайырымдылық велошеруінде 87 миллион теңге жиналды

Бурабайдағы қайырымдылық велошеруі. Фотоны түсірген Алтынай Жумжумина

Бурабайда жыл сайын ұйымдастырылатын "Rixos Borovoe 2014" қайырымдылық велошеруі Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров пен "Тур де Франс 2014" жеңімпазы Винченцо Нибалидің қатысуымен өз мәресіне жетті. Аукцион нәтижесінде 87 миллион теңге жиналды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Қайырымдылық аукционында түрлі бағалы заттар сатылымға шықты. "Тур де Франс 2014" сайысында Винченцо Нибалиге жеңіс сыйлаған велосипед ең бағалы зат ретінде сатылды. Astana Group-тың иесі, бизнесмен Нұрлан Смағұлов 51 миллион теңгеге сатып алды.

Бастапқыда "Rixos Borovoe 2014"  қайырымдылық велошеруін ұйымдастырушылар 12,5 млн теңге жинауды көздеген екен. Бірақ, шара сәтті өтіп, акция нәтижесінде 87,7 млн теңге жиналып отыр. Енді бұл қаражат Облыстық перинаталды орталықты медициналық жабдықпен жабдықтау үшін жұмсалады. Бұл жыл сайын 300-ге жуық науқас нәрестенің күтіміне, сондай-ақ бүкіл Ақмола облысынан кішкентай науқастарын және олардың аналарын қабылдауға мүмкіндік бермек. Сонымен бірге балалар жансақтау бөлімінің екінші бөлмесі мен нәрестелер патологиясы бөлімі ашылады деп жоспарлануда.

Реклама
Реклама

Ұйымдастырушылар бұл қаржы шала туған және әлсіз нәрестелердің өмірін сақтап қалуға аз да болса септігін тигізетінін айтады. 
 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама