10 шілде 2024 | 13:00

Бурабайдағы лагерьге барған бір топ бала ауруханаға түскен: мән-жайы айтылды

Фото:depositphotos.com

Павлодардан Бурабай лагеріне барған бір топ бала ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодардан Бурабай лагеріне барған бір топ бала ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Демаламыз деп, ауруханадан бір-ақ шықты. Павлодардан Бурабай лагеріне барған бір топ бала суық тигізіп, ауруханаға жатқызылды. Ең сорақысы, балаларға қызмет көрсететін мекемеде сырқаттанған жеткіншектерге ешқандай медициналық көмек көрсетілмеген. Ал тексеру кезінде 300-ге жуық баланы қабылдаған лагерьде бірде-бір медбике жұмыс істемейтіні анықталды.

"Бурабайдағы атышулы "Эдельвейс" лагеріне жазғы демалысын өткізуге Павлодар облысынан бас-аяғы 75 бала барған. Дені — балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері. 6 шілдеге қараған түні бір топ бала мекеме қызметкерлеріне денсаулығына шағым айтқан. Алайда сырқаттанған балаларға сол күйі ешқандай көмек көрсетілмеді. Жағдайы нашарлаған балалар ақыры медициналық көмекті өздері шақыруға мәжбүр болған." Бурабай төрінде орналасқан демалыс орнында қазіргі сәтте 200-ден астам бала демалуда. Алайда демаламыз деп келген жеткіншектердің 20-ға жуығы жазғы демалысын ауруханада өткізуге мәжбүр.

Реклама
Реклама

Мекемедегі келеңсіз жайт туралы Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлжайна Даримова өзінің инстаграм парақшасында жария еткен болатын. Лагерьде медициналық көмек ала алмаған балалар тікелей өзіме хабарласып, жедел жәрдем шақырып беруімді сұрады, дейді депутат.

Науқас балалар Ақмола облыстық балалар ауруханасына емделуге жіберілген. Павлодарлық депутаттың айтуынша, қазір оның ауданынан ғана палаталарда 27 науқас жатыр.

"Мен балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен үнемі хабардамын. Лагерьге балалармен бірге орталық қызметкері де барды. Сол түні олар маған медбикенің жоқ екенін және ешқандай медициналық көмек ала алмай отырғандарын жазды. Таңертең дереу Бурабайға жолға шықтым. Лагерді түгел тексердік. "Неге медбикелеріңіз жоқ?" деген сұрағыма лагерьде жұмыс істеп жүрген қатардағы қызметкерді әкеліп, "медбикеміз осы" деп қысқа қайырды. Ал сырқаттанған балалардың жағдайы әлі де мәз емес. Арасында пневмония жұқтырды деген күдігі бар балалар да бар", - Павлодар мәслихатының депутаты Гүлжайна Даримова.

Лагерьдегі заңбұзушылық бұл ғана емес. Мекемеде бұдан бөлек тиісті балалар журналы да жүргізілмеген. Диеталық медбикенің жоқтығы тағы бар. Ал медпунктке адам аяқ баспағалы біраз болған көрінеді. Бұған мұндағы тазалық кестесі дәлел. Құжатқа сенсек, медпункт осыдан бір жыл бұрын, яғни 16 маусым күні жуылған. Осыдан кейін атышулы лагерьдің жағдайымен Ақмола облысы әкімінің орынбасары, өңірлік денсаулық сақтау және білім басқармаларының басшылары да танысып қайтты. Ал балалар құқықтары жөніндегі уәкіл

Динара Зәкиева аталған жайт назарға алынғанын жеткізді.

Павлодар облыстық білім беру басқармасы аталған мәселеге қатысты қандай да бір пікір айтудан бас тартты. Сондықтан аймақтық балаларды қолдау орталығының алдағы тағдыры белгісіз. Ал қауіпсіздік талаптарын бұза отыра, келеңсіз жағдайға жол берген лагерь әлі де жұмыс істеп тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная