"Бурдж Халифа" зәулім ғимараты Қазақстан туымен безендірілді

"Бурдж Халифа" зәулім ғимараты Қазақстан туымен безендірілді Видео кадры

Әлемдегі ең биік ғимарат саналатын, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі 828 метрлік "Дубай мұнарасы" - "Бурдж-Халифа" Қазақстан туының бейнесімен безендірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлемдегі ең биік ғимарат саналатын, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі 828 метрлік "Дубай мұнарасы" - "Бурдж-Халифа" Қазақстан туының бейнесімен безендірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақтың көк байрағын бейнелеу - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтауы. Оның видеосы "Бурдж Халифаның" Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Музыкалық сүйемелдеу ретінде Қазақстанның әнұраны таңдалды.

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Бурдж-Халифаның" алауын жағып жатырмыз. Оларға амандық пен бейбітшілік тілейміз", - делінген видеоның сипаттамасында.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама